Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" черногориялық қорғаушымен келісімшартқа отырды

Опубликовано:

Жарко Томашевич
Жарко Томашевич. Фото: "Астана" футбол клубының баспасөз қызметі

"Астана" футбол клубы черногориялық қорғаушы Жарко Томашевичпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елордалық ұжымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Футбол клубының мәліметінше, Жарко Томашевич 2019-2021 жылдар аралығында "Астана" сапында өнер көрсеткен.

Елордалық құрам сапында ол 46 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар футболшының Черногория құрамасында 50-ден астам ойын өткізіп, 5 гол соққаны белгілі.

Айта кетейік, Жарко Томашевич өткен маусымда қостанайлық "Тобылдың" намысын қорғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2005479-astana-cernogoriyalyq-qorgausymen-kelisimsartqa-otyrdy/

pixel