Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар Australian Open-де: алғашқы нәтижелер мен алдағы матчтар

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch

Бүгін Австралияның Мельбурн қаласында "Мельбурн парк" спорт кешенінің корттарында 2023 жылғы Үлкен Дулығаның төрт турнирінің біріншісі – Australian Open басталды. Жарыс торын әлемдік теннис жұлдыздары ғана емес, қазақстандық спортшылар да толықтырды.

Қазақстан үшін Australian Open-нің негізгі желісіндегі алғашқы ойындар сәтті өтті. Бүгін италиялық Элизабетта Коччареттоға қарсы матчта Елена Рыбакина матчты 7:5, 6:3 есебімен екі сетте аяқтап, сенімді түрде жеңіске жетті. Қазақстан теннисшісі 5 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Алехандро Давидович-Фокина – Александр Бублик

Ертең сағат 07:18-де бір разрядтың бірінші айналымында испандық теннисші Алехандро Давидович-Фокина қазақстандық Александр Бубликпен кездеседі. Спортшылар 2021 жылы "Годо графының жүлдесі" турнирі аясында бір рет қана кездескен болатын. Сол кезде сәттілік Бубликтің жағында болған еді. Бірінші сетте 2:6 есебімен жеңіліп, ол екінші және үшінші жеңістерін 7:5, 6:2 есебімен жеңіп, испандыққа бірде - бір мүмкіндік қалдырмады. Бұл жолы Алехандро Давидович-Фокина реванш алуға тырысатынына сенімді бола аласыз, ал Александр Бублик осы ойын сериясындағы ұпайларды арттырғысы келетіні айдан анық.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

Давидович-Фокинаның жеңісі - 1.69, Бубликтің жеңісі - 2.09

Сорана Кырстя – Юлия Путинцева

Бірінші айналымда Юлия Путинцева көптен бері танысы румындық Сорана Кырстямен кездеседі. Теннисшілер бір-біріне қарсы 4 рет ойнаған еді, оның алғашқы 2 матчы румын спортшысының пайдасына, ал соңғы 2 матч Путинцеваның пайдасына аяқталған болатын. Жанкүйерлер керемет матчты көре алатынына сеніміміз мол, өйткені биылғы бірінші Үлкен Дулыға турнирінің үздік 64 теннисшісінің қатарына ену үшін барлығы бағын сынап көретін болады.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

Кырстяның жеңісі - 1.75, Путинцеваның жеңісі - 2.09

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2005542-qazaqstandyqtar-australian-open-de-algasqy-natizeler-men-aldagy-matctar/

pixel