Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данило "Ноттингем" ойыншысы атанды

Опубликовано:

Данило
Фото: Instagram/officialnffc

Жартылай қорғаушы Данило дос Сантос "Палмейрас" сапынан Англия біріншілігінде өнер көрсететін "Ноттингем" клубына ауысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты "Ноттингем" ұжымының баспасөз қызметі растады.

21 жастағы жартылай қорғаушы мен Англия біріншілігінде өнер көрсететін клуб 2029 жылға дейін келісімшартқа отырды.

Шетелдік БАҚ беттерінде футболшыны қатарына қосуы үшін "Ноттингем" клубының 20 миллион еуро жұмсағаны айтылуда. Бұл - аталған команданың Англия премьер-лигасына оралғаннан кейінгі 25-трансфері.

Айта кетейік, "Ноттингем" өткен маусымда Англияның чемпионшипінде ойнады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2005590-danilo-nottingem-oiynsysy-atandy/

pixel