Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Aystralian open-2023 турниріне қатысып жатқан Рыбакина рекорд орнатты

Опубликовано:

Рыбакина
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында доп беруден үздік көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Рыбакина италиялық Элизабетта Коччареттомен матчта екінші сеттің соңында 195 км/сағат жылдамдықпен доп берген.

Бұл осы уақытқа дейін әйелдер арасында үздік көрсеткіш болып табылады.

Айта кетейік "Үлкен дулыға" додасының 22-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 104-орында тұрған словениялық Кайя Йуванмен кортқа шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2005745-aystralian-open-2023-turnirine-qatysyp-zatqan-rybakina-rekord-ornatty/

pixel