Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ливерпуль" Англия кубогының келесі айналымына шықты

Опубликовано:

Жанкүйер
"Ливерпуль" жанкүйері стадионда. Фото: pexels.com

Түнде футболдан Англия кубогының бірнеше матчы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ливерпуль" сырт алаңда "Вулверхэмптон" клубымен кездесті. "Молине" стадионында өткен матчта Юрген Клопптың шәкірттері 0:1 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз гол Харви Эллиоттың еншісіне жазылды. Жартылай қорғаушы кездесудің он үшінші минутында мергендігімен көзге түсті.

Осылайша, "Ливерпуль" Англия кубогының келесі кезеңіне жолдама алып отыр. Төртінші айналымда Юрген Клопптың шәкірттері "Брайтонмен" ойнамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2005746-liverpul-angliya-kubogynyn-kelesi-ainalymyna-syqty/

pixel