Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ислам елдерінің бірінші хоккей турнирінде қазақстандықтар жүлдегер атанды

Опубликовано:

хоккей
Көрнекі фото: pexels.com

Қазан қаласында хоккейден Ислам елдерінің бірінші халықаралық Kazan Hockey Cup турнирі аяқталды, деп жазады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.

Ерлер арасындағы жарысқа 12 команда қатысып, әрқайсысы төрттен үш топқа бөлінді.

Қазақстан атынан құрамында әуесқой хоккейшілер де, кәсіби деңгейде өнер көрсеткен ұлттық құраманың бұрынғы ойыншылары да бар "Өскемен" командасы қатысты.

Олар өз тобында Қырғызстан мен Түркіменстанды жеңіп, алаң иелері – Татарстанға есе жіберіп, турнирде екінші орын алды.

"Өскемен" бас бапкері Андрей Райскийдің айтуынша, турнир өте жақсы ұйымдастырылған.

Сонымен қатар команда капитаны Омар Жақсылық жарысқа шақырғаны үшін ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2005752-islam-elderinin-birinsi-xokkei-turnirinde-qazaqstandyqtar-zuldeger-atandy/

pixel