Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Australian Open-2023: Александр Бублик жарыс жолынан шығып қалды

Опубликовано:

Александр Бублик
Александр Бублик. Фото: JEAN-CHRISTOPHE VERHAEGEN/AFP via Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін рейтингте өзінен төрт саты жоғары тұрған испаниялық Алехандро Давидович-Фокинамен өткізді.

Бірінші партияда үш брейк жасаған испаниялық спортшы 6:0 есебімен ұтты.

Екіншісінде Александр Бублик тай-брейкте есе қайырды - 7:6 (7:3).

Үшінші сетте Бублик алға шықты - 6:3.

Алайда қалған екі партияда испаниялық теннисшінің басымдылығы байқалды (6:4, 6:3).

Осылайша, Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатында жарыс жолынан алғашқы кезеңде шығып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2005819-australian-open-2023-aleksandr-bublik-zarys-zolynan-sygyp-qaldy/

pixel