Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

22 жасқа дейінгі Азия біріншілігін Санжар Тәшкенбай жеңіспен бастады

Опубликовано:

Санжар Тәшкенбай
Санжар Тәшкенбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Санжар Тәшкенбай бокстан 19-22 жас арасындағы Азия біріншілігіндегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Санжар Тәшкенбай 1/8 финалда Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевпен жұдырықтасты. Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық былғары қолғап шеберінің пайдасына аяқталды.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай 22 жасқа дейінгі Азия біріншілігінің ширек финалына жолдама алды.

Айта кетейік, бокстан 19-22 жас арасындағы Азия біріншілігі 16-27 қаңтарда Тайландтың Бангкок қаласында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2005822-22-zasqa-deiingi-aziya-birinsiligin-sanzar-taskenbai-zenispen-bastady/

pixel