Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Australian Open-2023: Елена Рыбакина үшінші айналымға шықты

Опубликовано:

Рыбакина
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші "Үлкен дулыға" турнирінің екінші айналымында дүниежүзілік рейтингте 104-орында тұрған словениялық Кайя Йуванмен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық спортшы 6:2 есебімен басым түсті. Екінші сетте де Рыбакина қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ (6:1).

Бәсеке барысында Елена 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

Енді отандық спортшы төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 11-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинз немесе рейтингте 133-сатыдағы чехиялық Каролина Мухованың біреуімен кездеседі.

Айта кетейік, жақында Елена Коллинзді Аделаидада 5:7, 6:2, 6:3 есебімен ұтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2005873-australian-open-2023-elena-rybakina-usinsi-ainalymga-syqty/

pixel