Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Универсиада: Қазақстан хоккейшілері АҚШ-тан ірі есеппен ұтылды

Опубликовано:

хоккей
Көрнекі фото: pexels.com

Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы бесінші ойынын өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қысқы Универсиададағы бесінші ойында отандық хоккейшілер Америка Құрама штаттарымен ойнап, 4:1 есебімен ұтылып қалды. АҚШ сапынан Мэтт Хэйнуолл (дубль), Майкл Макхесни және Куинн Грин мергендігімен көзге түссе, Қазақстан сапынан жалғыз шайба Батырлан Мұратовтың еншісіне жазылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін отандық спортшылар Оңтүстік Кореяны 5:1, Венгрияны 9:1, Ұлыбританияны 15:1 және Словакияны 4:0 есебімен ұтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2005926-universiada-qazaqstan-xokkeisileri-aqs-tan-iri-eseppen-utyldy/

pixel