Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Интер" Италия суперкубогын жеңіп алды

Опубликовано:

"Интер"
Фото: Twitter/Inter_en

Түнде футболдан Италия суперкубогының финалы болды. Матч Сауд Арабиясында өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

King Fahd International стадионында өткен кездесуде "Интер" футбол клубы "Миланды" ойсырата ұтты. Есеп 0:3. Гол авторлары: Федерико Димарко, Эдин Джеко, Лаутаро Мартинес.

Осылайша, "Интер" футбол клубы Италия суперкубогын жеңіп алды.

Айта кетейік, Италияда аталған титулды ең көп ұтқан "Ювентус" клубы. Туриндік ұжым Италия суперкубогын тоғыз рет иеленген. Ал "Интер" мен "Милан" жеті реттен аталған титулды қанжығасына байлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2005929-inter-italiya-superkubogyn-zenip-aldy/

pixel