Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Недовесов пен Голубев Australian Open-2023 турнирінің екінші айналымына шықты

Опубликовано:

теннис
Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисшілер алғашқы кездесуін аустралиялық Дейн Суини – Ли Тумен өткізді.

Кездесу 6:0, 6:2 есебімен Недовесов пен Голубевтың пайдасына аяқталды.

Бір сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында олар 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.

Тағы бір қазақстандық Александр Бублик жарыс жолынан шығып қалды. Ол аустралиялық Джон-Патрик Смитпен бірге "Үлкен дулыға" турнирінің бірінші ракеткалары, нидерландылық Уэсли Колхоф – Нил Скупскиге жол берді (1:6, 2:6).

Ал Анна Данилина мен Александр Недовесов миксте бақ сынайды. Олар колумбиялық Хуан Себастьян Кабаль – франциялық Кристина Младеновичпен ойнамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2005934-nedovesov-pen-golubev-australian-open-2023-turnirinin-ekinsi-ainalymyna-syqty/

pixel