Australian Open-2023: Юлия Путинцева жарыс жолынан шағып қалды

Опубликовано:

Теннисистка Юлия Путинцева
Юлия Путинцева. Фото: instagram.com/yulia_putintseva/

Қазақстандық, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымдағы кездесуін әлемнің 31-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковаға қарсы өткізді.

Бір сағат 16 минутқа созылған мачта чехиялық теннисші Юлия Путинцевадан айласын асырды. Есеп: 6:0, 7:5.

Осылайша, қазақстандық теннисші Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шыға алған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Александр Бубликтің жарыс жолынан шығып қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2005979-australian-open-2023-yuliya-putinceva-zarys-zolynan-sagyp-qaldy/