Бағдат Қайыровтың алдағы маусымда қандай клубта өнер көрсететі белгілі болды

Опубликовано:

футбол
Бағдат Қайыров жасыл алаңда. Фото: "Тобыл" футбол клубының ресми сайты

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бағдат Қайыров "Тобылмен" келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қостанайлық ұжымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әмбебап қорғаушы "сары-жасылдар" құрамын 2021 жылдың жазында толықтырды және алғашқы ресми ойынында бірінші минуттан жасыл алаңға шықты. Осыдан кейін футболшы қорғаныс қапталындағы орнын ешкімге берген емес.

Бапкерлер штабы келесі маусымда да Бағдат барын салады деп үміттенеді. Қайыров жаңа келісімшартына жыл соңына дейін қол қойды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2006017-bagdat-qaiyrovtyn-aldagy-mausymda-qandai-klubta-oner-korseteti-belgili-boldy/