Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Australian Open-2023: Жұптық сында өнер көрсетіп жатқан қазақстандық теннисшілердің нәтижесі қандай

Опубликовано:

спорт
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Анна Данилина жұптық сында Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге алғашқы айналымда жарыстың 5-ракеткасы, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен кездесіп, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Турнирдің 8-ракеткалары Данилина мен үндістандық Саня Мирза бастапқы кездесуін мажарстандық Далма Галфи – америкалық Бернарда Перамен өткізді. Матч 6:2, 7:5 есебімен Данилина-Мирза жұбының пайдасына аяқталды.

Рыбакина мен Павлюченкова екінші айналымда тайбэйлік Латиша Чань – чилилік Алекса Гуарачимен, ал Данилина мен Мирза украиналық Ангелина Калинина – бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен ойнамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006019-australian-open-2023-zuptyq-synda-oner-korsetip-zatqan-qazaqstandyq-tennissilerdin-natizesi-qandai/

pixel