Роналду мен Месси қатысқан матчта тоғыз гол соғылды

Опубликовано:

Месси мен Роналду
Фото: Twitter/Paris Saint-Germain

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында "Әл-Хилал", "Әл-Наср" клубының жұлдыздарының біріккен командасымен париждік "ПСЖ" арасындағы жолдастық матч өтті. Кездесу барысында Лионель Месси мергендігімен көзге түссе, Криштиану Роналду дубль авторы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тартысты өткен матчта париждік "ПСЖ" жеңіске жетті. Есеп 4:5. Гол авторлары: 0:1 - Лионель Месси (3), 1:1 - Криштиану Роналду (34, он бір метрлік айып добынан), 1:2 - Маркиньос (43), 2:2 - Криштиану Роналду (45+6), 2:3 - Серхио Рамос (53), 3:3 - Чжан Хен Су (56), 3:4 - Киллиан Мбаппе (60, он бір метрлік айып добынан), 3:5 - Юго Экитик (78), 4:5 - Андерсон Талиска (90+4).

Айта кетейік, матчтың отыз тоғызыншы минутында париждік клубтың қорғаушысы Хуан Бернат алаңнан қуылды. Сонымен қатар алғашқы таймның соңғы минутында Неймар он бір метрлік айып добынан мүлт кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2006080-ronaldu-men-messi-qatysqan-matcta-togyz-gol-sogyldy/