Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Универсиада: Қазақстан хоккейшілерінің жартылай финалдағы қарсыласы белгілі болды

Опубликовано:

хоккей
Қазақстан студенттер құрамасы АҚШ-қа қарсы матчта. Фото: "Барыс" хоккей клубының баспасөз қызметі

Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы жартылай финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстан студенттер құрамасы жартылай финалда А тобында бірінші орын алған Канадамен ойнайды.

Матч 21 қаңтар күні Астана уақытымен 20:35-те басталмақ.

Тікелей эфирді Қысқы Универсиаданың ресми сайты - FISU.tv-ден тамашалауға болады.

Еске сала кетейік, Қазақстан студенттер құрамасы В тобында өнер көрсетіп, Оңтүстік Кореяны 5:1, Венгрияны 9:1, Ұлыбританияны 15:1, Словакияны 4:0 есебімен басым түсті және соңғы турда Америка Құрама штаттарына есе жіберді (4:1).

Осылайша, отандық хоккейшілер өз тобында екінші орынға ие болып, жартылай финалға жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2006102-universiada-qazaqstan-xokkeisilerinin-zartylai-finaldagy-qarsylasy-belgili-boldy/

pixel