Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан суперкубогы қайда өтеді

Опубликовано:

спорт
"Астана" арена. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан суперкубогының қайда өтетіні белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Суперкубок матчы Астана қаласындағы "Астана арена" стадионында өтпек.

Аталған титулды өткен маусымда футболдан Қазақстан біріншілігін жеңіп алған "Астана" мен Қазақстан кубогының иегері шымкенттік "Ордабасы" сарапқа салады.

Ойын 25 ақпан күні өтеді деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін франциялық жартылай қорғаушы Жереми Манзорроның "Астана" футбол клубының сапынан кеткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2006110-futboldan-qazaqstan-superkubogy-qaida-otedi/

pixel