Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина кортта. Фото: Robert Prange/Getty Images

Елена Рыбакина алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25 ракеткасы Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымда әлемнің 11-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзды 6:2, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, биыл қос теннисші Аделаидадағы турнирде кездескен еді. Сол кезде қазақстандық теннисші 5:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жеткен.

Осылайша, Елена мансабында алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына өтті. Бұған дейін ол үшінші айналымнан аса алмаған еді.

Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирінің ширек финалына шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 100-орында тұрған испаниялық Кристина Бучаның біреуімен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006184-elena-rybakina-algas-ret-australiya-asyq-cempionatynyn-tortinsi-ainalymyna-syqty/

pixel