Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия біріншілігі: Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутқа жіберді

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Olympic.kz

Махмұд Сабырхан бокстан 19-22 жас арасындағы Азия біріншілігіндегі екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Махмұд Сабырхан 1/4 финалда Малайзия өкілі Акмал Мухаммедпен жұдырықтасты.

Бірінші раундта-ақ отандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші раундта төреші тағы есеп ашты. Нәтижесінде техникалық нокаут тіркелді.

Осылайша, Махмұд Сабырхан байрақты бәсекенің жартылай финалына шығып, кем дегенде қола медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, Тайландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 19-22 жас арасындағы Азия біріншілігі 27 қаңтарда аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2006203-bokstan-aziya-birinsiligi-maxmud-sabyrxan-qarsylasyn-nokautqa-ziberdi/

pixel