Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемфис Депай "Атлетико" ойыншысы атанды (фото)

Опубликовано:

Депай
Фото: Twitter/Atlético de Madrid

Мемфис Депай "Атлетико" ойыншысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты "Атлетико" клубының баспасөз қызметі растады.

Нидерланды құрамасының шабуылшысы мен мадридтік ұжым 2,5 жылға келісімшартқа отырды.

Еске сала кетейік, Мемфис Депай бұған дейін "Барселона" сапында өнер көрсетті. Ол каталониялық клубқа Хави бапкер болып тағайындалған соң, негізгі құрамдағы орнынан айырылып қалды.

Содан бері жасыл алаңға қосалқы құрамнан қосылып жүрді. Биылғы маусымда шабуылшы "Барселона" сапында төрт матч ойнап, бір мәрте мергендігімен көзге түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2006211-memfis-depai-atletiko-oiynsysy-atandy-foto/

pixel