Универсиада: Қазақстан хоккейшілері жартылай финалда Канададан ірі есеппен ұтылды

Опубликовано:

Батырлан Мұратов
Фото: "Барыс" хоккей клубы

Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы финалға шығы алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстан студенттер құрамасы жартылай финалда А тобында бірінші орын алған Канадамен ойнап, 4:1 есебімен жеңіліп қалды.

Енді отандық хоккейшілер үшінші орынға Жапониямен таласады.

Күншығыс елінен келген хоккейшілер финалға берілетін жолдама үшін АҚШ-пен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.

Еске сала кетейік, Қазақстан студенттер құрамасы В тобында өнер көрсетіп, Оңтүстік Кореяны 5:1, Венгрияны 9:1, Ұлыбританияны 15:1, Словакияны 4:0 есебімен ұтып және соңғы турда Америка Құрама штаттарынан жеңілді (4:1).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2006275-universiada-qazaqstan-xokkeisileri-zartylai-finalda-kanadadan-iri-eseppen-utyldy/