Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Australian Open: Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын ұтып, ширек финалға шықты

Опубликовано:

Рыбакина
Рыбакина корттта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25 ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасып, екі партияда да 6:4 есебімен басым түсті.

Тартысты өткен матчта Елена Рыбакина 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

Енді отандық спортшы жартылай финалға шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, америкалық Кори Гауфф немесе рейтингте 17-сатыда тұрған латвиялық Елена Остапенконың біреуімен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006277-australian-open-elena-rybakina-alemnin-1-raketkasyn-utyp-sirek-finalga-syqty/

pixel