Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қысқы Универсиадада ел қоржынына тағы бір медаль түсті

Опубликовано:

Лыжница Ксения Шалыгина
Ксения Шалыгина. Фото: ccsf.kz

Қазақстандық шаңғышы Ксения Шалыгина Қысқы Универсиадада үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

15 шақырым қашықтықта ел намысын қорғаған Ксения Шалыгина мәрені үшінші болып қиды.

Алтын медаль эстониялық шаңғышы Мариэль Мерлиге бұйырса, екінші орынды АҚШ өкілі Кендалл Крамер қанағат тұтты.

Осылайша, отандық спортшы АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан 2023 жылғы Қысқы Универсиаданың екінші жүлдесін жеңіп алды. Бұған дейін Ксения Айша Рақышева, Надежда Степашкинамен бірге эстафеталық жарыста қола жүлдеге қол жеткізген еді.

Айта кетейік, түнде хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы үшінші орын үшін таласта Жапониямен кездесіп, 8:1 есебімен басым түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006330-qysqy-universiadada-el-qorzynyna-tagy-bir-medal-tusti/

pixel