Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Australian Open: Елена Рыбакина жұптық сында ширек финалға шыға алмады

Опубликовано:

Рыбакина
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге үшінші айналымда "Үлкен дулыға" турнирінің 10-ракеткалары, Жапония өкілдері Сухо Аояма – Эна Шибахарамен шеберлік байқасты.

Кездесуде Күншығыс елінен келген спортшылар 6:2, 7:6 (9:7) есебімен жеңіске жетті.

Елена Рыбакина енді жекелей сында ғана жарыс жолын жалғастырады.

Ол ертең әлемнің 17-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006353-australian-open-elena-rybakina-zuptyq-synda-sirek-finalga-syga-almady/

pixel