Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық теннисшілер Үндістандағы жарыстың жеңімпазы атанды

Опубликовано:

спортшы
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Үндістанның Калькутта қаласында жастар арасында екінші санаттағы ITF Juniors J200 турнирі мәресіне жетті. Қазақстандық Ерасыл Ерділдә мен Виталий Зацепин жұптық сында үздік шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық дуэт финалда жапониялық Сатора Накаджима – филиппиндік Джоа Рей Поскуаны 6:2, 7:5 есебімен ұтты.

Қыздар арасында Асылжан Арыстанбекова жекелей сында ширек финалға дейін жетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006356-erdilda-men-zacepin-undistandagy-zarystyn-zenimpazy-atandy/

pixel