Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналдудың "Әл-Наср" сапындағы дебюті қалай өтті (фото)

Опубликовано:

Роналду
Роналду. Фото: Twitter/AlNassr FC

Түнде әлем футболының жарық жұлдыздарының бірі Криштиану Роналду "Әл-Наср" сапындағы алғашқы ресми ойынын өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

King Saud University стадионында "Әл-Наср" мен "Әл-Иттифак" арасындағы Сауд Арабиясы біріншілігінің кезекті матчы өтті. Эр-Рияд қаласында орналасқан кешенге 23 мыңға жуық жанкүйер келді. Олардың арасында ойынды тамашалау үшін басқа мемлекеттен келгендер де кездесті.

Криштиану Роналду алаңға алғашқы минуттан капитан ретінде шығып, тоқсан минут ойнады.

Ол жаңа клубтағы ресми дебютінде мергендігімен көзге түскен жоқ және нәтижелі пастың да авторы атанбады. Алайда шабуылшы қақпаға төрт рет соққы бағыттады. Оның екеуіне қорғаушылар кедергісін келтірсе, біреуін сұрмергеннің өзі қисық тепті.

Айта кетейік, "Әл-Наср" мен "Әл-Иттифак" арасындағы кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 31-минутта Талиска соқты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2006381-ronaldudyn-al-nasr-sapyndagy-debyuti-qalai-otti-foto/

pixel