Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы "Тобыл" сапынан кетті

Опубликовано:

Айбар Жақсылықов
Айбар Жақсылықов. Фото: "Тобыл" футбол клубының баспасөз қызметі

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Айбар Жақсылықов "Тобыл" сапынан кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты қостанайлық клубтың баспасөз қызметі растады.

Жақсылықов "Тобыл" сапындағы дебютін 2022 жылдың 2 наурызында "Қайратқа" қарсы Қазақстан Суперкубогы матчында өткізді.

Аталған матчта Айбар жеңіс голын соғып, "сары-жасылдарға" кезекті титулды сыйлаған еді.

Ол қостанайлық ұжым сапында барлығы 32 матч өткізіп, 7 гол соқты.

"Тобыл" футбол клубы Айбарға бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіріп, одан әрі мансабында табыс тілейді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2006387-qazaqstan-ulttyq-quramasynyn-sabuylsysy-tobyl-sapynan-ketti/

pixel