Төрт отандық боксшы Азия біріншілігінің финалына шықты

Опубликовано:

Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында. Амман, 10 қараша 2022 жыл
Махмұд Сабырхан. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан бокстан 19-22 жас арасындағы Азия біріншілігінің финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Санжар Тәшкенбай жартылай финалда таиландтық Наттхапхонг Тхуамчароннан басым түсті.

54 келіге дейінгі салмақтағы Нұрсұлтан Алтынбек те төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Қырғызстан өкілі Ислам Торобаевты ұтты.

Сонымен қатар 57 келіге дейінгі салмақтағы Махмұд Сабырхан да финалға шықты. Боксшы жартылай финалда филиппиндік Джеричо Акайлардан айласын асырды.

Бұдан бөлек 67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан Абзал Серікте ақтық мәреде өнер көрсететін болады.

Айта кетейік, Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 19-22 жас арасындағы Азия біріншілігі 27 қаңтарда аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2006440-taskenbai-men-sabyrxan-bokstan-aziya-birinsiliginin-finalyna-syqty/