Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы "Тобыл" сапында доп тебуді жалғастырады

Опубликовано:

Самат Жарынбетов
Самат Жарынбетов жасыл алаңда. Фото: "Тобыл" футбол клубының баспасөз қызметі

"Тобыл" футбол клубы мен Самат Жарынбетовпен жаңа келісімшартқа отырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Тобыл" футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжатта Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы қостанайлық "Тобыл" сапында тағы бір жыл ойнайтыны жазылған.

Айта кетейік, Самат Жарынбетов "Тобылға" 2017 жылы ауысқан. Сол жылдың 6 мамырында футболшы "Астанаға" қарсы ойында дебют жасады. Осы уақыт аралығында жартылай қорғаушы барлық турнирде қостанайлық ұжым сапында 126 матч өткізіп, 4 гол соққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2006446-qazaqstan-ulttyq-quramasynyn-oiynsysy-tobyl-sapynda-dop-tebudi-zalgastyrady/

pixel