Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков келесі маусымда қай клубта доп тебеді

Опубликовано:

футболшы
Серікжан Мужиков жасыл алаңда. Фото: "Тобыл" футбол клубының баспасөз қызметі

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиковтің келесі маусымда қай клуб сапында доп тебетіні белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Тобыл" футбол клубының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, қостанайлық ұжым мен жартылай қорғаушы келісімшартты 2023 жылдың соңына дейін ұзарту туралы шешімге келген.

Айта кетейік, Серікжан Мужиков "Тобыл" сапында 2020 жылдың 7 наурызында қарағандылық "Шахтерге" қарсы ойында дебют жасады.

Жартылай қорғаушы "сары-жасылдар" сапында барлығы 64 матч өткізіп, 10 гол соққан.

Сонымен қатар Серікжан Мужиков елордалық "Астана" сапында өнер көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2006451-serikzan-muzikov-kelesi-mausymda-qai-klubta-dop-tebedi/

pixel