Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Australian Open-2023: Елена Рыбакина тарихи нәтиже тіркеп, жартылай финалға шықты

Опубликовано:

Рыбакина
Рыбакина корттта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Теннистен Австралия ашық біріншілігінде өнер көрсетіп жатқан Елена Рыбакина турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Ширек финалда ол "Ролан Гаррос" турнирінің жеңімпазы, латвиялық Елена Остапенконы ұтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Australian Open-2023 турнирінде қазақстандық теннисші жеңілссіз келеді. Ширек финалда Елена Рыбакина әлемнің 17-ракеткасы Елена Остапенконы екі сет қорытындысы бойынша жеңді. Есеп - 6:2, 6:4.

Енді Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы анықталады. Әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула мен Australian Open турнирінің екі дүркін жеңімпазы Виктория Азаренко жұбының жеңімпазы Рыбакинаға қарсылас атанбақ.

Турнир барысында Елена Рыбакина италиялық Элизабетта Коччаретто, словакиялық Кайя Юван, америкалық Даниэль Коллинз, әлемнің 1-ракеткасы, польшалық Ига Швентекті жеңген болатын.

Елена Рыбакина Australian Open турнирінің жартылай финалына шыққан жалғыз қазақстандық теннисші. Бұған дейін ешбір спортшымыз жекелей сында мұндай нәтиже көрсетпеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006495-australian-open-2023-elena-rybakina-tarixi-natize-tirkep-zartylai-finalga-syqty/

pixel