Киллиан Мбаппе бір матчта қарсылас қақпасына жауапсыз бес гол соқты

Опубликовано:

Килиан Мбаппе
Килиан Мбаппе. Фото: John Berry/Getty Images

"ПСЖ" мен Франция құрамасының ойыншысы Киллиан Мбаппе бір матчта бес гол соғып, пента-трик жасады. Бұл туралы Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Франция кубогінің 1/16 айналымында "ПСЖ" алтын дивизионда ойнайтын "Пейс де Кассель" командасы 7:0 есебімен ұтты. Оның ішінде, бес голды Киллиан Мбаппе соғып, пента-трик жасады.

Бірінші таймда үш гол соғу үшін Мбаппеге бар болғаны 11 минут керек болған. Ал ойынның екінші таймында шабуылшы тағы екі гол соқты.

Сондай-ақ Неймар мен Карлос Солер қарсылас қақпасын дәл көздеп, париждіктер ірі есеппен жеңіске жетті.

Франция кубогінің 1/8 финалында "ПСЖ" "Марсель" клубына қарсы ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2006500-killian-mbappe-bir-matcta-qarsylas-qaqpasyna-zauapsyz-bes-gol-soqty/