Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жеңіл атлетикадан ірі әлемдік жарыс аяқталып, отандық спортшылар топ жарды

Опубликовано:

Ольга Сафронова бастаған Қазақстан құрамасы жарыс жолында
Желаяқтар қысқа қашықтыққа жарысуда. Фото: Турнирдің баспасөз қызметі

23 қаңтар күні Астанада алғаш рет күміс деңгейдегі Astana Meeting World indoor tour өтті. Бұндай деңгейдегі жарыс ТМД елдері арасында Қазақстан алғаш рет өткізіліп, жүзге жуық спортшы қатысты деп хабарлайды турнирдің баспасөз қызметі.

Турнирге қатысушылар жеңіл атлетиканың 10 түрінен өзара мықтыны анықтады.

Байрақты бәсеке ерлер арасында 60 метрге кедергілермен жүгіру сайысынан басталды. Аталмыш жарыс түрінде кубалық Роджерс Ирибарн( нәтижесі 7.62секунд) отандасымыз Давид Ефремовтен (7.65сек) бар болғаны бірнеше милесекундқа озып, жеңіске жетті.

Ерлер арасында 400 метрге жүгіруден отандастарымыз Михаил Литвин 46.41 нәтижесімен топ жарса, Андрей Соколов 46.74секунд нәтижесімен екінші орын иеленді. Бразилиялық Александр Руссо 47.70 секунд нәтижесімен мәре сызығын үшінші болып кесті.

Әйелдер арасында 60 метрге жүгіруден отандасымыз Ольга Сафронова (7.30сек) португалиялық Ариалис Гандуллаға (7.18сек) есе жіберіп, мәре сызығын екінші болып кесті.

Әйелдер арасында ұзындыққа секіруде Өзбекстандық Дарья Резниченко 6.32 метр нәтижесімен алтын жүлдегер атанды. Отандастарымыз Анастасия Рыпакова (5.89метр) нәтижесімен 2-орын, Алина Чистякова (5.84метр) нәтижесімен жүлделі 3-орынға жайғасты.

Турнирдің ең тартысты додаларының бірі - әйелдер арасында биіктікке секіру жарысы болды. Нәтижесінде жүлделі 3 орынға отандастарымыз жайғасты. Олар:

Надежда Дубовицая (1.93метр) – І-орын;

Кристина Овчинникова (1.89метр) – ІІ-орын

Елизавета Матвеева (1.89метр) – ІІІ-орын.

Әйелдер арасында 400 метрге жүгіруден отандасымыз Элина Михина жеңіске жетті.

Ерлер арасында 60 м жүгіруден америандық Макл Роджерс топ жарды. Ол аталмыш қашықтықты 6.664 секунд ішінде жүгіріп өтті. Екінші орынға АҚШ спортшысы Демек Кемп (6.665) жайғасты. Үздік үштікті португалиялық Фредерико Курвело қорытындылады, оның көрсеткіші - 6.75 секунд.

Ерлер арасында 3000 метр қашықтыққа жүгіруден Али Абдилмана (7:52.43) топ жарды (Эфиопия). Ұлыбританиялық Александр Джордж (8:07.55) күміс медаль, ал қазақстандық Алексей Гусаров (8:27.10) қола медаль иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006508-astanada-zenil-atletikadan-iri-alemdik-zarys-ayaqtalyp-otandyq-sportsylar-top-zardy/

pixel