Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Харри Кейн "Тоттенхэм" клубында тарихи нәтижеге қол жеткізді

Опубликовано:

Харри Кейн
Харри Кейн. Фото: Sebastian Frej/MB Media/Getty Images

Харри Кейн "Тоттенхэм" клубының тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Түнде футболдан Англия біріншілігінің 21-турында "Тоттенхэм" мен "Фулхэм" кездесіп, матч Антонио Контенің шәкірттерінің жеңісімен аяқталды. Есеп 1:0. Ойындағы жалғыз голды бірінші таймның соңғы минутында Харри Кейн соқты.

Осылайша, шабуылшы "Тоттенхэм" футбол клубының тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Оның еншісінде 300 матчта 266 гол бар. Бұған дейін аталған рекорд Джимми Гривзаға тиесілі еді (266 гол).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2006538-xarri-kein-tottenxem-klubynda-tarixi-natizege-qol-zetkizdi/

pixel