Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық клуб бразилиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды

Опубликовано:

футболшы
Луис Энрике Гедеш. Фото: "Ақсу" футбол клубының баспасөз қызметі

Бразилиялық шабуылшы Луис Энрике Гедеш "Ақсу" футбол клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ақсу" футбол клубының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, ұжым мен бразилиялық шабуылшы келісімшартқа отырған.

Айта кетейік, Луис Энрике Гедеш - бразилиялық "Гуарани" клубының тәрбиеленушісі. Ол мансабын 2018 жылы "Оесте Паулиста" командасында бастады.

Сонымен қатар шабуылшы "СЕ Итапиренсе", "Гремио Сорризу", "Гремио Осаско" және "XV қараша Пирасикаба" сияқты клубтарда доп тепті.

Луис Энрике Гедеш өткен маусымда шымкенттік "Ордабасы" сапында өнер көрсетіп, 24 матчта жасыл алаңға шығып, бір голдың авторы атанды. Одан бөлек Қазақстан кубогында үш мәрте мергендігімен көзге түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2006549-qazaqstandyq-klub-braziliyalyq-sabuylsymen-kelisimsartqa-otyrdy/

pixel