Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тобыл" сапынан кеткен Қазақстан құрамасының капитаны мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Асхат Тағыберген
Асхат Тағыберген баспасөз мәслихатында. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

"Тобыл" сапынан кеткен Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген қостанайлық клубтың жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Тобылдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құрметті қостанайлықтар! Бағымды басқа командада сынап көру туралы шешім қабылдадым. Бұл менің мансабымдағы жаңа қадам. Екі жыл "Тобыл" намысын абыроймен қорғадым десем болады. Бұл қала, бұл команда менің жүрегімде мәңгі сақталады.

Баршаңызға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Құрметтеріңіз, қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін рақмет.

Клубқа жаңа маусымда сәттілік және жеңіс тілеймін. Алға, Қостанай!" - деді Асхат Тағыберген.

Айта кетейік, БАҚ беттерінде Асхат Тағыбергеннің келесі маусымда "Ордабасы" сапында өнер көрсететіні жазылып жатыр. Алайда шымкентік "Ордабасы" ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2006553-tobyl-sapynan-ketken-qazaqstan-quramasynyn-kapitany-malimdeme-zasady/

pixel