Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі апта бұрын футболдағы мансабын аяқтаған Гарет Бэйл маңызды мәлімдеме жасады (фото)

Опубликовано:

Гарет Бэйл
Гарет Бэйл жасыл алаңда. Фото: Instagram/garethbale11

Екі апта бұрын футболдағы мансабын аяқтаған Гарет Бэйл маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Гарет Бэйл Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Хабарламада ол гольф спортындағы мансабын кәсіби түрде бастайтынын жеткізген.

"Мен келесі айдың басында AT & T Pebble Beach Pro-Am турнирінде өнер көрсететінімді қуана хабарлаймын! Алға", - деп жазды Бэйл.

Турнир АҚШ-тың Калифорния штатында 2-5 ақпан күндері өтеді және оның жүлде қоры 9 миллион долларды құрайды. Бұл Бэйл қатысатын алғашқы кәсіби гольф турнирі болмақ.

Айта кетейік, Гарет Бэйл 33 жасында футболдағы кәсіби мансабын аяқтады. Ол Уэльс құрамасында және "Тоттенхэм", "Реал Мадрид", "Лос-Анджелес" клубтарында доп тепкен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2006559-eki-apta-buryn-futboldagy-mansabyn-ayaqtagan-garet-beil-manyzdy-malimdeme-zasady-foto/

pixel