Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Australian Open-2023 турнирінің жартылай финалына шыққан Рыбакина қанша табыс тапты

Опубликовано:

Елена Рыбакин кезекті матчын өткізіп жатыр
Елена Рыбакина кортта. Фото: Frank Molter/picture alliance via Getty Images

Australian Open-2023 турнирінің жартылай финалына шыққан Елена Рыбакинаның қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясының дерегінше, қазақстандық теннисші жекелей сында жартылай финалға шыққаны үшін 925 мың Аустралия долларын ($646 000) алатын болады.

Сонымен қатар Елена Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жұптық сында турнирдің 1/8 финалына дейін жетті. Бұдан екеуіне 67 250 Аустралия доллары ($47 000) тиеді.

Осылайша, қазіргі уақытта Елена Рыбакинаның Australian Open турниріндегі тапқан табысы 958 625 Аустралия долларына жетіп отыр (669 мың АҚШ доллары). Теңгеге шаққанда, жобамен 309,9 миллион теңге.

Биыл Аустралия ашық чемпионатының жүлде қоры 76,5 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл осы доданың рекордтық көрсеткіші болып саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006570-australian-open-2023-turnirinin-zartylai-finalyna-syqqan-rybakina-qansa-tabys-tapty/

pixel