Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Australian Open-2023: Елена Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы белгілі болды

Опубликовано:

Рыбакина
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Теннистен Аустралия ашық біріншілігінде өнер көрсетіп жатқан Елена Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисші финалға берілетін жолдама үшін Беларусь өкілі, Аустралия ашық чемпионатының екі дүркін чемпионы Виктория Азаренкомен ойнайды.

Матч 26 қаңтар күні болады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Australian Open-2023 турнирі барысында Елена Рыбакина италиялық Элизабетта Коччаретто, словакиялық Кайя Юван, америкалық Даниэль Коллинз, әлемнің 1-ракеткасы, польшалық Ига Швентекті және латвиялық Елена Остапенконы жеңген болатын.

Елена Рыбакина Australian Open турнирінің жартылай финалына шыққан жалғыз қазақстандық теннисші. Бұған дейін ешбір спортшымыз жекелей сында мұндай нәтиже көрсетпеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006611-australian-open-2023-elena-rybakinanyn-zartylai-finaldagy-qarsylasy-belgili-boldy/

pixel