Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропада доп тепкен футболшы қарағандылық "Шахтер" сапына қосылды (фото)

Опубликовано:

ала доп
Футболшы жасыл алаңда. Фото: pexels.com

Антон Толордава қарағандылық "Шахтер" сапына қосылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Команда сапына грузиялық қорғаушы Антон Толордава қосылды. 26 жастағы ойыншының соңғы клубы сербиялық "Раднички" (Ниш) болды. Сонымен қатар Толордава грузиялық "Телави" және эстониялық "Левадия" сапында өнер көрсеткен", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта "Шахтер" Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Кіші Азия түбегінде орналасқан елде қарағандылық клуб бірнеше жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2006638-europada-dop-tepken-futbolsy-qaragandylyq-saxter-sapyna-qosyldy-foto/

pixel