Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Милан" футбол клубы сырт алаңда ірі есеппен жеңілді

Опубликовано:

жасыл алаң
Стадионның ішкі көрінісі. Фото: pexels.com

Түнде футболдан Италия чемпионатының 19-турының матчы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Лацио" футбол клубы өз алаңында "Миланды" қабылдады. "Олимпико" стадионында өткен матчта Маурицио Сарридың шәкірттері жеңіске жетті. Есеп: 4:0. Гол авторлары: Сергей Милинкович-Савич, Маттиа Дзакканьи, Луис Альберто және Фелипе Андерсон.

Осылайша, "Лацио" турнирлік кестедегі орнын жақсартып, үшінші сатыға көтерілді. Ал "Милан" жеңілгеніне қарамастан екінші орында қалып отыр. Көш басындағы "Наполи" мен "Милан" арасын он екі ұпай бөлуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2006672-milan-futbol-kluby-syrt-alanda-iri-eseppen-zenildi/

pixel