Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерді жеңіспен бастады

Опубликовано:

Теннис
Фото: pixabay.com

Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерді жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның екінші, әлемнің 144-ракеткасы Тимофей Скатов Чилидің Консепсьон қаласындағы челленджер жарысының екінші айналымына шықты.

Ол дүниежүзілік рейтингте 166-орында тұрған тайбэйлік Вун-Лин Вуді 7:5, 7:6 (8:6) есебімен ұтты.

Енді Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 260-ракеткасы, колумбиялық Николас Мехиямен ойнамақ.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 196-ракеткасы Михаил Кукушкин алғашқы айналымда рейтингте 131-сатыдағы боливиялық Уго Дельенмен шеберлік байқасады.

Үндістанның Пуне қаласында әйелдер арасында жүлде қоры 40 мың АҚШ долларына бағаланған ITF World Tennis Tour додасы өтуде.

Мұнда Жібек Құламбаева (483 WTA) бірінші кездесуінде ресейлік Екатерина Рейнгольдті (294 WTA) тізе бүктірді – 0:6, 6:2, 7:6 (7:4). Ал Гөзал Айнитдинова (585 WTA) жапониялық Фуна Козакиден (861 WTA) айласын асырды – 5:7, 6:3, 6:2.

Бұл турнирде қазақстандық спортшылар жұптық сында да өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2006691-qazaqstandyq-tennissiler-xalyqaralyq-turnirlerdi-zenispen-bastady/