Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәдениет және спорт министрі: Тоқаев балалар спортын дамытуға көп көңіл бөледі

Опубликовано:

Спорт кешені
Көрнекі фото: pexels.com

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ведомствоның алқа отырысында педагог мәртебесін арттыруға бағытталған өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына олардың біліктілігіне қарай 6 мың теңгеден 22 мың теңгеге дейін әр катергория үшін үстемеақы енгізілетінін айтты. Бұл инновациялар 2023 жылдан бастап күшіне енбек.

Асхат Оралов дене шынықтыру және спорт саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық база талаптарға толық сәйкес келмейтінін және бұл ретте саланың нақты қажеттіліктері ескерілетінін, сондықтан министрлік қолданыстағы заң жобасына түзетулер енгізуді қолға алып отырғандығын жеткізді.

"Мемлекет басшысы балалар спортын дамытуға және педагог мамандығына қызығушылықты арттыруға көп көңіл бөледі.

Осы ретте спорттық бағыттар назардан тыс қалмайды. Біз жаттықтырушы-оқытушыларға топтарды басқарғаны және спортшыларды жоғары тұрған спорт ұйымдарына, сондай-ақ спорттық атақтарға ұсынғаны үшін үстемеақылар мен қосымша ақылардың жаңа түрлерін енгізуді жоспарлап отырмыз.

Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз және сала қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыда қолдау үшін жаңа шешімдер қабылдаймыз", - деді Мәдениет және спорт министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006721-madeniet-zane-sport-ministri-toqaev-balalar-sportyn-damytuga-kop-konil-boledi/

pixel