Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Оралов елімізде жаппай спорт инфрақұрылымдарын салу қолға алынатынын айтты

Опубликовано:

Асхат Оралов
Асхат Оралов. Фото: Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты

Қазақстанда жаппай спорт инфрақұрылымдарын салу қолға алынады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ведомствоның дене шынықтыру және спорт саласындағы негізгі міндеттеріне арналған алқа отырысында мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Тірек ауылдарда тез салынатын модульдік спорт ғимараттарын салу және дене шынықтыру үшін қолжетімді инфрақұрылым яғни спорт алаңдары, жүгіру және велосипед жолдары, жаяу, сондай-ақ атпен жүретін туристік маршруттар құру жоспарланып отыр. Ол үшін ең алдымен еліміз бойынша жұмыс істеп тұрған спорт нысандарын "ауқымды түгендеу" жұмыстарын жүргізетін боламыз", - деді Асхат Оралов.

Оның сөзінше, негізгі мақсат аймақтарда спорттық инфрақұрылымды дамыту және оның қолжетімділігін арттыру.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006724-asxat-oralov-elimizde-zappai-sport-infraqurlymdaryn-salu-qolga-alynatynyn-aitty/

pixel