Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен дайынмын": Илья Ильин өзін Ауыр атлетика федерациясының басшысы етуді ұсынды

Опубликовано:

Илья Ильин1
Илья Ильин. Фото: instagram.com/ilyailyinforever

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Ауыр атлетика федерациясының жұмысына алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы ол Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Илья Ильин Ауыр атлетика федерациясында екі жыл бойы кәсіби спортшы емес, спорт менеджері ретінде тіркелгенін еске салды.

"Мен ауыр атлетика федерациясының жұмысына алаңдаймын. Бір жылдан бері біз түсініксіз жағдайда жүрміз, Ауыр атлетика федерациясының президентін таба алмай жүрміз.

Бір жарым жыл бұрын менеджер ретінде жұмысқа тұрған уақытта жаттықтырушылармен сөйлестім, үлкен мәселелер болды, алайда олар дауласып қалды.

Мен бізге психологтар керек екенін айттым. Біз команда құруға міндеттіміз, өйткені қиындықтар бар", – деді ол.

Алайда Илья Ильиннің айтуынша, федерация мәселелерін шешу кезінде ұйымшылдық болмаған.

"Біз екіге, содан кейін үшке бөліндік. Өңірлерге барып, бапкерлермен жеті сағат сөйлесіп, біздің спортты "жерлеуге" болмайтынын түсіндіруге тура келді. Біз (ауыр атлетика - ред.) еліміздегі медаль көп жеңіп алатын спорт түріміз және осыны сақтап қалу керек.

Кеше маған жаттықтырушылар қоңырау шалып: "Илья, бірдеңе істеу керек", - деді. Олар бір команда болып жұмыс істеуді, нәтиже көрсетуді және үлкен мәселелерді шешуді ұсынып отыр. Бізде проблемалар бар: медальдар әкелеміз және сол тұста допинг дауы шығады", - деді ол.

Осыған байланысты Илья Ильин вице-премьер Алтай Көлгінов пен Мәдениет және спорт министріне федерацияның қызметі бойынша шешім қабылдауды сұрады.

"Мен дайынмын, жетілдім, федерацияны өз командаммен алуға дайынмын. Менде миллиондар жоқ, бай емеспін, бірақ мен бұл спорттың барлық қыр-сырын білемін. Қолдау көрсетулеріңізді сұраймын. Тапсырма беріңіздер", - деді ауыр атлет.

Ал Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов болса бұл мәселені Илья Ильинмен бөлек талқылауға дайын екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006730-men-daiynmyn-ilya-ilin-ozin-auyr-atletika-federaciyasynyn-bassysy-etudi-usyndy/

pixel