Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық спорт мектептеріндегі педагогтар мен жаттықтырушылардың жүктемесі азаяды

Опубликовано:

Жаттықтырушы командасымен сөйлесіп тұр
Жаттықтырушы командасымен сөйлесіп тұр. Көрнекі фото: Рexels.com

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов биылдан бастап спорт мектептерінде педагогтар мен жаттықтырушылардың апта сайынғы оқу жүктемесі азаятынын хабарлады, деп жазады ведомство өзінің ресми сайтында.

Асхат Оралов министрліктің кеңейтілген алқа отырысында оқытудың сапасын жақсартуға және педагог мәртебесін арттыруға бағытталған өзгерістер туралы айтты. Соның бірі – спорт мектептеріндегі педагогтар мен жаттықтырушылар үшін апта сайынғы оқу жүктемесі 24 сағаттан 18 сағатқа дейін төмендетілмек.

Сонымен қатар мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына олардың біліктілігіне қарай 6 мың теңгеден 22 мың теңгеге дейін әр категория үшін үстемеақы енгізіледі.

Аталған инновациялар биылдан бастап күшіне енбек.

Айта кетсек, бұған дейін Асхат Оралов дене шынықтыру және спорт саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық база талаптарға толық сәйкес келмейтінін және бұл ретте саланың нақты қажеттіліктері ескерілетінін, сондықтан министрлік қолданыстағы заң жобасына түзетулер енгізуді қолға алып отырғандығын да айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006735-elimizdegi-sport-mektepterinin-pedagogtary-men-zattyqtyrusylarynyn-zuktemesi-azayady/

pixel