Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі қазақ қызы Таиландтағы Азия чемпионатында ел әнұранын шырқатты

Опубликовано:

Гүлсая Ержан
Гүлсая Ержан. Фото: kfb.kz

Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасындағы Азия біріншілігі аяқталуға жақын. Бүгін қыздар арасындағы жекпе-жектер мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

70 келіге дейінгі салмақта Жасмин Қизатова Азия чемпионы атанды. Финалда ол өзбек қызы Азиза Зокированы 3:2 есебімен жеңіп, алтын медаль тағынды.

Тағы бір алтынды 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Гүлсая Ержан ұтып алды. Ол ақтық сында шаршы алаң қожайыны Порниппа Чутиді 3:2 есебімен ұтқан.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан қыздар құрамасы үшінші орынға табан тіреді. Біздің спортшылар еншісінде 2 алтын, 7 қола медаль бар.

Ал 5 алтын алған Өзбекстан құрамасы бірінші, үш алтын иеленген таиландтықтар екінші орынға тұрақтаған.

Ертең ерлер арасындағы финалдық сын басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006757-eki-qazaq-qyzy-tailandtagy-aziya-cempionatynda-el-anuranyn-syrqatty/

pixel