Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал шетелдік маман Елена Рыбакинаның ойынына жоғары баға берді

Опубликовано:

Елена Рыбакин кезекті матчын өткізіп жатыр
Елена Рыбакина кортта. Фото: Frank Molter/picture alliance via Getty Images

"Үлкен дулыға" турнирлерінің жеті дүркін жеңімпазы, бұрынғы швециялы теннисші Матс Виландер қазақстандық Елена Рыбакинаның ойынына жоғары баға берді. Бұл туралы Championat.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Ол 2022 жылғы "Уимблдон" турнирінің финалында керемет ойнады. Ол кезде ел назары Онс Жаберге ауды да, Елена мұны жақсы пайдаланып кетті. Ол өзінің жеңісін сабырмен қабылдап, жай ғана атап өткені, ұстамдылығы маған қатты ұнады.

Әрине, аталған жарыста рейтингілік ұпайлар болған жоқ. Десе де, ол әлі алғашқы ондыққа, бестікке еніп, әлемнің екінші, тіпті, бірінші ракеткасы боларына сенім мол. Себебі оның ойыны өте мықты әрі соққысы да жойқын", - деді Виландер.

Айта кетелік, Australian Open турнирінің жартылай финалында Елена Рыбакина белоруссиялық Виктория Азаренкомен жолығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006766-tanymal-seteldik-maman-elena-rybakinanyn-oiynyna-zogary-baga-berdi/

pixel