Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналдудың жаңа клубында доп тепкен шабуылшы "Астана" ойыншысы атанды (фото, видео)

Опубликовано:

дембо Дарбо
Дембо Дарбо. Фото: "Астана" футбол клубының баспасөз қызметі

"Әл-Наср" мен "Астана" гамбиялық шабуылшы Дембо Дарбоны жалға беру туралы келісімге келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елордалық ұжымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана" футбол клубы ұсынған ақпаратқа сәйкес, футболшыны жалға алу шартының мерзімі 2023 жылдың соңына дейін қарастырылған.

"Дембо орталық шабуылшы ретінде алаңғы шығып, жақсы өнер көрсетеді: беларустік "Шахтер" сапында Дарбо 53 ойын өткізіп, 26 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.

Сонымен қатар ол солтүстік македониялық "Шкупи" сапында ойнап, 42 ойында 19 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

Бұдан бөлек, Дембо Гамбия құрамасы сапында 5 ойынға қатысқан", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Криштиану Роналдудың "Әл-Наср" сапындағы дебюті қалай өткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2006779-ronaldudyn-zana-klubynda-dop-tepken-sabuylsy-astana-oiynsysy-atandy-foto-video/

pixel